Жаңа жыл қарсаңында Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылында 100 орындық клуб пайдалануға берілді. Руханият жылы аясында бой көтерген ғимараттың ашылу рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

 Өңірде елді мекендерді дамытуға айрықша басымдық беруде. Мәселен, Кәукей ауылында өткен жылы амбулатория салынса, биыл міне жаңа клуб құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Айта кету керек, бұрынғы мәдениет ошағы 2014 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Сондықтан мәдени-көпшілік іс-шаралар мектептің акт залында өткізіліп келді. Енді міне, ауыл өнерпаздары Жаңа жылдан бастап жаңа ғимаратта түрлі шаралар ұйымдастырып, шығармашылықпен айналысатын болады.

МҰРАТ ТІЛЕУІМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ \ауылдық клуб ертеңгі жастарымыздың болашағымыздың, мәдениетіміздің ордасы болатынына сенемін. Спортшылар болсын, өнерпаздар болсын ауылдан шығатынын білеміз. Сондықтан осы елден үлкен өнерпаздар шығатына сенімдімін....