Қармақшы ауданы да жылды қорытындылады. Салтанатты жиында сала үздіктері марапат мінберінен көрінді.
Аудан әкімі Жандос Еркінбек барша жұртшылықты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, биыл аудан үшін оң өзгерістерге толы болғанын атап өтті. Жаңа ғимараттар салынып, бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал аудан бюджеті 18 млрд 593 млн теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артты. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала мамандары құрметке бөленді.
ЖАНДОС ЕРКІНБЕК - ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауданымыздың инфрақұрылымын жақсарту, елді-мекендерді абаттандыру, бюджетті ұлғайту және мәдениет, білім, спорт, денсаулық саласында біраз құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ақ күріштің мол жинағанның арқасында біздің Қармақшы ауданымыз облыста үздік шаруашылық бойынша үздік атанды. Дүбірлі додада спортшыларымыз, біздің Қармақшы ауданында дүниеге келген балалардың еңбегінің нәтижесінде де ауданымызға ғана емес жалпы елімізге қуаныш сыйлады.Биылғы жылы «Үлгілі елді- мекен» конкурсы бойынша үздік аудан номинацияса бойыцнша бірінші орынға біздің аудан орталығының Жосалы кенті иеленді.