Оған облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермахан Абдраманов қатысты. Жиында жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ, сақшылардың сыртқы келбетіне, бөлімшелердің жалпы үйлесімділігі мен қызметтік автокөліктің жай-күйі бағамдалды. Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті орнатуға ерекше көзге түскен 10-ға жуық қызметкер «Алғыс хатпен» марапатталды. Осыдан соң, жеке құрам оркестрдің үнімен салтанатты маршпен жүріп өтіп, қызметке кірісті.
ЕРДӘУЛЕТ ЖАУКЕЕВ – ОПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫ
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1500-ге жуық қызметкер осы шараға жұмылдырылады. Сондықтан барлық тұрғындарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға ЖҚЕ және де пиртотехникалық заттарды қолдану кезінде мұқият болуға шақырамыз.