Қуаңдария ауылдық округінде көптен күткен фельдшерлік акушерлік бекет пайдалануға берілді. Енді ауыл тұрғындары заманауи ғимаратта сапалы медициналық көмек алатын болды. Сондай-ақ Жосалы кентіндегі №284 мектеп-лицей-интернатының жанынан спорт кешені бой көтерді.
Жаңа емхананың құрылысы маусым айында басталып, оған облыстық бюджеттен 204 млн теңге бөлінген болатын. Жоспарланған жарты жылдың ішінде ғимарат толықтай салынып, ел игілігіне табысталды. Медициналық бекеттің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.
ҚАЙРАТ НҰРТАЙ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Нысанның ашылуына атсалысқан азаматтар, халыққа, аудан басшылығына алғысымызды білдіреміз. Келесі жылды жақсы нысандармен, жақсы көңіл-күймен қарсы алуға тілектеспін. Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін.
Фельдшердік бекет толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Соңғы үлгідегі «лор» аппараты, арнайы акушерлік бөлме, ем-дом жасайтын кабинеттер мен санитарлық тораптар қарастырылған. Ауыл азаматтары енді керекті медициналық көмек іздеп аудан орталығына сабылмайтындарына дән риза.
ЫРСАЛДЫ ӨМІРБАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Іші жақсы, жақсы салынған, жарық. Халыққа қолайлы деп айтамын. Бар жақсылыңты осы медпункттің ұжымына тілеймін.
АБАЙ ДҮЙСЕБАЕВ – ФЕЛЬДШЕР
Бұрын ғимаратымыз шашруашылықтың ескі ғимараты болатын. Соны күрделі жөндеуден өткізіп отырғанбыз. Биыл енді беріп, қабылданып жатыр ғой. Осы салады істеп келе жатқаныма 30 жыл болыпты, биыл 31 жылға кетіп бара жатыр. Қоллдау білдіріп, шалғайдағы ауылға осындай жағдай жасап беріп жатқанына халық та біз де алғыс айтамыз.