Сырдың ең сұлу бұрымдысының есімі белгілі болды. «Сыр сұлуы» байқауы осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
ӘЛІБИ ЖЕЛДЕРБАЕВ – ҰЛТТЫҚ СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ СКАУТ ДИРЕКТОРЫ //Сырдың қыздары о бастан өте тәрбиелі, өте өнерлі, талантты, Сыр елі-жыр елі деп айтамыз ғой. Сол себепті Сыр аруларына деген қойылатын талаптар өте жоғары. Ең бастысы қыздардың тәрбиелілігі, таланттығы. Жастардың жобасы болғаннан кейін қазақ тілінде жетік сөйлеуі.//
ӘЙГЕРІМ ҚАНАТБАЕВА – БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
//Байқау жеңімпазы республикалық «Қазақ аруы» байқауына барады. Осы кезге дейін өткен байқауының арулары қазіргі таңда отбасылы, бірі елімізге танымал актриса-әншілердің бірі. Дана келін-ана келін болып жатқан қыздарымызда бар. Сондай-ақ, биылғы байқауда түрлі номинацияларда қосылды.//
Байқауға қатысушылар алдымен өздерін таныстырды, одан соң қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты сұрақтар қойылды. Ал, «Сән әлемі» деп аталатын сайыстың шешуші кезеңінде киім үлгілерін көрсетті.мӘсем әнмен әрленіп, сұлулық әспеттелген сайыста жүлделі үшінші орын Қарлығаш Болатбек мен Аяулым Қанатқызына бұйырды. Ал, екінші орынды Балауса Берік еншілесе, бірінші орын осыған дейін түрлі сайыстарда топ жарған Ақмаржан Орманға берілді. Төрт кезеңнен де сүрінбей өтіп, өнерімен дараланған 11 сынып оқушысы Ақкербез Ысқаққызы «Сыр аруы» атанды.
«Сыр аруы» Ақкербез Ысқаққызы енді «Қазақ аруы» байқауында облыс намысын қорғайды.