Аймақ руханиятында айтулы жаңалық. Сырдың бас қаласында мың орындық «Өнер орталығы» ашылды. Оған қоса, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы Қызылорда облысын «Үздік мәдени өңір» деп таныды. Салтанатты шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі қоғам қайраткерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: /Қызылорда – қашанда ұлт руханияттың ордасы болған. Тасын түртсең, тарихы сөйлей кетеді. Ал самал желінде Қорқыт қобызының сарыны бар. Осынау үн Сыр елінде ешқашан үзілген емес. Жыраулық өнер ғасырлар бойы жалғасып келеді. Енді осындау өнер көші одан әрі өрістей түспек.//

Қызылорда – қазақ театрының алғашқы қазығы қағылған жер. Өнерге өңір халқы өзгеше құрметпен қарайды. Сондықтан кең де, көрікті мәдениет сарайы талайдың тілегі еді. Аймақ басшысының бастамасымен биыл «Руханият» жылы деп жарияланды. Жыл бедерінде тың жобалардың түндігі түрілмек. Солардың бастауы – «Өнер орталығы» болды. Салтанатты шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы сырбойылық өнерсүйер қауымды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

АИДА БАЛАЕВА – ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ //Сүлейлер мекені ежелгі сақ пен ғұнның ежелгі қонысы Қызылордадағы өнер тойында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Мемлекет басшысының еліміздің жаңа құндылықтарын орнатудағы жүйелі жұмыс жасау тапсырмасы сәтті жүзеге асырылуда. Оның бір айғағын мәденит саласындағы атқарылған жұмыстардан көруге болады.//

Ат шаптырым аумақты алып жатқан мәдениет ошағы мың орындық. Іргетасы 2022 жылдың қыркүйек айында қаланды. Нысанды салуға 3,7 млрд теңге қаржы жұмсалған. Сәні мен салтанаты келіскен ғимарат ел руханиятына қызмет етері хақ.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Қашаннан мәдениеттің мәртебесін көтеріп, өнерін құрметтеген ұлттың іргесі берік. Қасиетті сыр өңірі ұлт руханияты мен мәденитеттік алтын діңгегі. Заман үрдістерімен көрермен талғамына сәйкес осындай өнер ордасының өмірге келуі қажеттігі туындады. Аз ғана уақыттың ішінде құрыш қолды құрылысшыларымыздың кәсіби шеберлігінің арқасында көз алдарыңызда сәулеті мен сәні келіскен өнер орталығы бой көтерді.

АЛМАС АЛМАТОВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖЫРАУ //Өнер бүгінімен қызық, ертеңімен өміршең. Мың орындық өнер ордасы өнердің болашағына салынған киелі мекен дейміз. +00:44-/

Ашылу рәсімінен соң «Сыр өңірі өнер тұлғаларының экспозициялық картинасы» және «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды. Еске сала кетейік, зәулім ғимаратта облыстық филармония ұжымы орналасады.

ДАНА НҰРЖІГІТ – ЖУРНАЛИСТ //Өнер ордасына кіріп келгеннен ақ көзімізге оттай басылған обзараздар бала кезімнен жастанып оқитын кітап авторларын радио, телевизиядан іздеп тыңдайтын сахнадан көрген актерларымызды көрген кезде менің көңілім жайнап салды. Дәл осы образдарды кішкентайынан көріп өскен қызылорда облысының бөбектері жастары дәл осы топырақа руханияттың бастауы екенін біліп өсетініне менің күмәнім жоқ.

«ТҮРКСОЙ»: ҚЫЗЫЛОРДА – «ҮЗДІК МӘДЕНИ ӨҢІР»

Өнер ордасының шымылдық ашар шарасы көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналды. Салтанатты шарада өңір дамуына ерекше үлес қосқан әйелдер марапатталды. Сондай-ақ, аймақтың руханиятында айрықша орны бар композитор Рамазан Таймановқа «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» табысталды.

Соңғы жылдары Сыр мәдениеті ерекше серпін алды. Осыған дейін өңірде «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» ашылды. Сондай-ақ, «Инклюзивті театр» құрылып, бұған дейін 10 жылға жуық үйірме ретінде жұмыс істеген «Жастар театры» кәсіби ұжым ретінде құрылды. Жалпы алғанда, рухани байлығымызды дәріптеуде атқарылып жатқан кешенді жобалар аз емес. Осынау орасан жұмыстарды ескерген «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы Сыр өңірін «Үздік мәдени өңір» деп таныды. Айта кету керек, мұндай мәртебелі марапат тұңғыш рет беріліп отыр.

Сыр елі таланты теңіздей толқыған біртуар өнер иелерін бесігінде тербеткен құтты мекен. Тамыры тереңнен сыр шертетін қазақ халқының мәдениеті мен руханияты бүгінгі күнге қаз қалпында жетіп отыр. Енді осынау өнер көшінің ордасы «Өнер орталығы» болмақ.