#qyzylordatv

Қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы көрерменге жаңа бағдарламасын ұсынды.

Қызылордалық көрерменнің көзайымына айналған «Мереке-думан» әзіл-сықақ отауы 37 жылдан бері үзбей халыққа өз өнерін көрсетіп келеді. Бұл жолы да көрермендерге жаңа бағдарламасын ұсынды. Кеш үш бөлімнен тұрды. Онда коучинг, әскерден қашу, отбасылық ажырасу сияқты қоғамдағы түйткілді тақырыптар әзілмен өрнектелді.

Әзіл-сықақ отауының бір ерекшелігі, ойнайтын әзілдің бәрін өздері жазады. Сондықтан әрбір туындыда көрерменнің көңілін көтеріп қана қоймай, өмірдің шынайы мәселелерін де жеткізуді мақсат етіп келеді.

ГАУҺАРАНА СЕЙІТНӘБИҚЫЗЫ, «МЕРЕКЕ-ДУМАН» ХАЛЫҚТЫҚ ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ОТАУЫНЫҢ МҮШЕСІ

Әзіл болса да шындықты ой жеткізу біздің басты мақсатымыз және де мереке-думанға бізде басты жаңалығымыз жақын арада осы жетекшіміз ауысқан болатын Айнұр Әмірәлі және де құрамындағы жаңадан келген жас буындар тағы да өз өнерлерін көрсетіп жатыр.

Кешке келген көрермендер қойылымдардың мазмұны мен көтерген тақырыптарына жоғары бағасын берді.

 БАҒЛАН БАҒДАТҰЛЫ, КӨРЕРМЕН

Бәрі керемет, концерт ұнап жатыр. Өзімнің түсінгенім армия туралы болып жатыр. Алдағы уақытта ештеңеден қашпаймын. Армияға барамын деп сөз берем.

 «Мереке-думан» отауы алдағы уақытта да жаңа қойылымдармен көрерменін қуантпақ.