#qyzylordatv
Бүгін - халықаралық мейіргерлер күні. Атаулы күнге орай облыс орталығында «Мейіргер – мейірім шырағы» атты салтанатты шара болды.
Ақхалаттылардың ішінде науқастың алғашқы сенімін сезінетін – мейіргер. Қазіргі күні облыста 10 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері еңбек етуде.
ЖАҢЫЛ ИСАҚЫЗЫ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Медицина саласында халық денсаулығын жақсартуда мейіргерлердің еңбегі ұшан-теңіз. Мейіргер – білімімімен, шеберлігі, ісімен мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі. Науқасты қабылдағаннан бастап оны емдеу барысында барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейіргерлердің еңбегі қашанда құрметті.
Мерекелік кеште ұлт саулығына үлес қосқан медицина қызметкерлерінің бірқатарына марапат табысталды.
ШАТТЫҚ ҚҰРМАНТАЕВА – МЕЙІРГЕР
Мен облыстық медицина орталығында 39 жылдан бері неврология бөлімшесінде мейіргер болып жұмыс істеймін.Біздің жұмыс қиын.Мен осы басшылыққа, біздің еңбегіміздің еленіп жатқанына көп рақмет.
Шарада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген мамандар да марапатталды.
РАЙХАН ҰЛЫҚПАНОВА – МЕЙІРГЕР
Еңбек жолым 1 қалалық емханадан бастадық.Одан кейін ОМЦ-ға келдік.ОМЦ-дан кейін Ана мен бала орталығына келдік.15 жылдай жұмыс істеп келе жатрмыз. Халыққа қызмет көрсету, анықтама бөлімінде. Мейіргер болудың айырмашылығы түнгі сменде де жұмыс істеміз, неше түрлі адамдар келеді. Әйел босанатын жағындамыз ғой. Түн ішінде операция болады.
Мерекеде ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет еткен мейіргерлердің де еңбегі еленді. Айталық, Құралай Омарқызы 30 жылдан бері осы салада жұмыс істейді.
ҚҰРАЛАЙ САУЫТБЕКОВА – МЕЙІРГЕР
Мен 1992 жылы еңбек жолымда өзімнің туған жерім Талап ауылында Айгөлек балабақшасынан бастадым. Одан кейін Жаңақорған ауруханасында 1995 жылдан бастап мейірбике қызметін атқарып келе жатырмын. Осы мамандықты таңдауыма анам себепші болды.Анам Талап ауылында мейірбике мамандығымен абыроймен зейнетке шыққан. Басы ауырып, балтыры сыздап жүрген пациенттерге қызметімді жасап, батысын алған мен үшін қуаныш, мәртебе.
Салтанатты шара концертке ұласып, бұл күні әуезді ән мен би мереке иесі – мейіргерлерге арналды.