#qyzylordatv
Облыс аумағындағы су айдындары мен қоршаған ортаны қорғау аясында «Таза су айдындары» акциясы ұйымдастырылып, Жаңадария каналының айналасы қоқыстан тазартылды. Соның нәтижесінде 600 келіден астам тұрмыстық қатты қалдық жиналды.
Іс-шараға 60-тан астам адам қатысты. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің өкілдері, табиғат пайдаланушылар мен белсенді студенттер Жаңадария каналының сағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – суға тасталған балық аулау құралдарынан және жағалау аумақтарын қоқыстан тазарту арқылы табиғатты қорғау.
«Әрі мұндай акциялар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді», - дейді экобелсенділер.