#qyzylordatv
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев соғыс ардагері Яхия Тасыровтың шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
Яхия Тасыров Сыр өңіріндегі соғыстың соңғы куәгері. Жиырма жасында майданған аттанған сырдариялық сарбаз Сталинград, Курск қалаларын және Польшаны азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан жауынгер 1945 жылы елге оралып, сүт заводында, астық қабылдау пунктінде жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосты. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев соғыс ардагеріне мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті. Қос ғасырдың куәгері, 104 жастағы абыз ақсақал ел ағаларына ризашылығын білдіріп, батасын берді.