Ұлттық киім – ұлттың сән. Наурызнамада белгіленген атаулы күнге орай «Анаға тағзым» орталығында «Этно Fashion» сән фестивалі өтті. Жергілікті дизайнер-тігіншілер заманауи үрдіс пен көне дәстүрді ұштастырып, 150-ге жуық киім үлгісін ұсынды.

Ұлттық киім – ұлттық рухтың айнасы. Сол арқылы дәстүрімізді дәріптеуге болады. «Этно Fashion» сән фестивалінің мақсаты да осы. Жергілікті ісмерлердің креативті жұмысын көрсетіп, ұлттық нақыштағы киімдердің қолданыс аясын кеңейту.

АЛТЫНАЙ МОЛЖАНОВА – «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Брендке бір қадам атты креативті дизайнерлердің сауда көрмесін ұйымдастырып жатырмыз. Сол көрменің негізінде біздің Қызылордадағы қолөнер шеберлерінің өздерінің қолдарынан шыққан өнімдерін алып келіп, оны сатуға, жарнамалауға мүмкіндік беріліп отыр.

«Этно Fashion» сән фестиваліне облыс бойынша 17 дизайнер-тігінші қатысты. Әр дизайнер екі киім үлгісін ұсынды. Бірі күнделікті киетін классикалық стильдегі заманауи этнокиім үлгісі. Екіншісі – сахналық сәнді ұлттық киім. Тыңнан түрен салған тігіншілердің киімдері бір-бірінен өтеді. Ши құрақпен безендірілген этношапан, жылқы сүйектерінен әзірленген кеудешелер көптің таңданысын тудырды.

ДАНА МАРЛЕН – ДИЗАЙНЕР //Мерекеде ғана емес, күнделікті кисе екен деп жасалынған дүние. Коллекциямның аты Бибіханым. +3:11-/ бізде енді енді сұранысқа ие болып жатыр. Тапсырыстар түсіп, Дубайдан, Италиядан шақырту алып, жұмыс жасап жатырмын осы қазір бастап.

АЙЗАТ МЫРЗАЕВА – ДИЗАЙНЕР //Ұлттық киімдер және заманауи үлгідегі 5 топтама алып келдім. Ол топтамалардың ерекшелігі сырт киімнің барлығы киіз басудың жаңа технологиясы және инемен шаншу арқылы жасалады. Ерекшелігі киімнің түймелерін сүйектерден салдық.

Фестивальде заман талғамына сай ұлттық нақышта тігілген бас-аяғы 150-ге жуық киім үлгісі көпшілік назарына ұсынылды. Ісмерлердің ізденісін бірден байқауға болады. Сарапшылар дизайнерлердің жұмысын оң бағалап, арнайы алғыс хат табыстады. Ұлттық киімді ұлықтауға арналған шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.