Еліміздің оңтүстік аймақтарында көктемгі дала жұмыстары басталды. Биыл Сыр дихандары 187 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, егіске қажетті су мөлшері өткен жылдан едәуір аз болады деген қауіп бар. Сондықтан негізгі дақыл көлемі 5 мың гектарға дейін қысқартылмақ. Ал, өзге өңірлерде егіс науқанына дайындық қалай? Тақырыпты Түркістан және жетісулық әріптестерімізбен бірге «Ортақ мәселе» айдарында таразыламақпыз.