Сыр жұртшылығы сындарлы сәтте жапа шеккен жандарға көмек қолын созудан аянып қалып жатқан жоқ. Жақында Батыс Қазақстан облысына 106 техника жөнелтіліп, бірнеше мәрте гуманитарлық көмек көрсетілді. Ал күні кеше су тасқынынан зардап шеккен оралдық 103 оқушы Арал ауданындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына жеткізілді.
Батыс Қазақстан облысынан келген жеткіншектерді Арал аудандық білім бөлімінің мамандары кеше түнде Қазалыдағы теміржол бекетінен күтіп алды. Енді оралдық оқушылар 10 күн «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында тұрақтайды. Мекемеде балаларға барлық қажетті жағдай жасалып, оқу процесі дәстүрлі форматта жүргізіледі. Сондай-ақ, олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, мәдени-сауықтыру шаралары ұйымдастырылмақ.