Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерді заңды тұлғалар мен бизнес өкілдеріне жаңа Салық кодексінің талаптарын түсіндірді. Жиында тараптар жергілікті бюджет түсімдері, кәсіпкерліктің үлесі және салық міндеттемелерін орындаудағы өзгерістер жөнінде ашық пікір алмасты.
Салық міндеттемелерін орындау декларация тапсырумен ғана шектелмейді. Әрбір жасалған шарт, көрсетілген қызмет, жүргізілген төлем және олардың дұрыс құжатталуы маңызды. Достық үйінде өткен кездесуде салық органының өкілдері заңды тұлғалар мен бизнес өкілдеріне түсіндірме жүргізді. Алдымен соңғы жылдардағы салықтық түсімдерге талдау жасады.
Корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер де өзекті.
Тағы бір мәселе - мүгедектігі бар ұйымдардың салық төлеуіне қатысты жеке бап пайда болды. Мәселен заңды тұлғалар келесідей шарттарға сәйкес келсе, корпоративтік табыс салығында жеңілдіктер болады.
Ал қосылған құн салығы бірінші қаңтардан бастап 16 пайыз болып белгіленді. Мамандар әр салаға қатысты белгіленген пайыздық көрсеткіштерді атап көрсетті. Сондай-ақ қосылған құн салығынан қандай жағдайда босатылатынын да егжей-тегжейлі талдап берді.
Мұнан соң департамент өкілдері Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде кәсіпкерлер және есепшілермен кездесті. Басқосуда арнаулы салық режимі, қосылған құн салығы, жеке табыс салығы мөлшерлемесі, электрондық шот-фактураға қатысты өзгерістер айттылды.
Тағы бір назар аударатын мәселе – салық есептілігінде нақты табысты көрсету және бақылау-касса машиналарын қолдану. Мамандар маңызды тұстарға тоқталды. Сондай-ақ модильді аударымдардың өлшем шарттарының орындаруы да өзекті болып отыр.
Қалада ресторан, тойханалар саны көбейгенімен олардың бір бөлігінде жартыжылдық табыс тұрақты немесе өте төмен көрсетілген. Кейбір нысандарда 1 ғана жұмыскер немесе мүлдем жоқ деп ақпарат берген. Ал сұлулық салондарының саны артқанымен, түсім төмендеген. Талдау барысында айналымы 30,0 миллион теңге шамасындағы жекелеген салондарда жалдамалы жұмыскерлер көрсетілмегені анықталды.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Өзгерістерге қатысты өз ұсыныстарын да білдірді.