Негізгі Жаңалықтар Шекспир шығармасы көрермен назарына ұсынылды

Шекспир шығармасы көрермен назарына ұсынылды

#qyzylordatv 

Қызылордада өтіп жатқан Қазақстан драма театрларының 31-ші Республикалық фестивалі аясында еліміздің 10 шығармашылық ұжымы өз қойылымдарын ұсынуда. Фестиваль қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, профессор Бағыбек Құндақбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып отыр. Фестивальдің екінші күні Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған театры көрермен назарына Уильям Шекспирдің ең қасіретті әрі психологиялық тұрғыдан ауыр трагедияларының бірі - «Макбетті» ұсынды.


 Сахнадағы ымырт, шиеленіскен атмосфера және 4 ғасырдан бері бәсеңдемей келе жатқан сезім арпалысы. Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры Шекспридің «Макбетін» жаңаша мағынада, өзіндік көзқараспен көрерменге ұсынды. Билікке деген құмарлықтан көзі қарайған қолбасшының тарихы сатқындықтың құны адамның өз ар-ожданы мен жанын жоғалтуымен өлшенетінін көрсетеді. Ұлытау облысынан келген театрдың бұл қойылымында өлмес классика заманауи реңк алып, кейіпкерлердің ішкі қайшылықтары сахналық шиеленістің басты көзіне айналған.


ДОСХАН СӘКЕНҰЛЫ, С. ҚОЖАМҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /ЖЕЗҚАЗҒАН/:

 Біздің С.Қожамқұлов театры, жалпы өзіміз әрқашанда жаңа ізденіс алаңына, шығармашылық экспериментке құмар ұжымдардың бірі болып есептелеміз деп ойлайм. Өйткені біздің репертуарымызда отандық әдебиет, заманауи авторлардың шығармаларымен қатар Шекспирдің үлкен ауқымды шығармалары да бар. Енді әрбір көрермен , менің ойымша өзінің ойлау деңгейіне, инттелектуалдық, саналық деңгейіне байланысты өзіне қажетті сұрақтарға жауап ала алады. Және өзіне қажетті тақырыптарды ашалады деп ойлаймын.

Бөлісу