Негізгі Жаңалықтар Жас құтқарушылар сайысы

Жас құтқарушылар сайысы

#qyzylordatv 

Қызылордада техникалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттері арасында «Құтқару ісінің жас мамандары» атты облыстық сайыс өтті. Жарысқа қатысушы командалар төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету дағдылары бойынша өзара бақ сынасты.


Жарыстың ашылу сәтінен-ақ алаңда қызу дайындық жүргізген командалар алдымен өздерін таныстырып, артынша 6 түрлі кезеңнен тұратын сайыс тапсырмаларын орындауға кірісті. Сайыс барысында қатысушылар жауынгерлік киімді жылдам кию, шабуыл сатысымен жарысу, жасанды жартасқа өрмелеу және алғашқы медициналық көмек көрсету секілді күрделі тапсырмаларды орындап, бір сәтке өздерін нағыз құтқарушыдай сезінді.

Тартысты өткен доданың нәтижесінде үздік дайындығымен көзге түскен Текей батыр атындағы жоғары колледжінің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына Болашақ Университеті жанынан құрылған «Құтқарушылар» командасы көтерілсе, жүлделі үшінші орын Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің «Дабыл» командасына бұйырды.


 ҰЛАН ТАҢМАНБЕТ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ Жарыстың мақсаты – білім алушылардың тәжірибе алмасуы, құтқару жұмыстарына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайысқа үш команда қатысып жатыр. Жеңімпаз атанғандар келер жылы республикалық кезеңге жолдама алады

Бөлісу