Қызылордада жылыжай салынып жатыр
#qyzylordatv
Облыс экономикасына және бір инвестиция. Бүгін біздің түсіруші топ Қызылорданың сол жағалауы аумағында жылыжай құрылысының басталу рәсіміне куә болды. Түркияның «TERRA GREEN» компаниясы көкөніс егетін өндіріс ошағын ашқалы отыр. Қызылордалықтар бұйыртса, қысы-жазы бағасы қолжетімді көкөніске қарық болмақ. Сөз тізгінін тілшіге берейік.
Қызылорданың сол жағалауы да үлкен өндірістік атырапқа айналып келеді. Бүгін міне, түркиялық TERRA GREEN компаниясы ұлан-ғайыр аумаққа жылыжай кешені құрылысын бастамақшы. Асыраушы саланың маңызды бір бағыты ретінде бағаланған бұл рәсімге бауырлас Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мырзаның өзі арнайы қатысты.
Еске сала кетейік, мамыр айында Қазақстан-Түркия бизнес форумында облыс әкімі түркиялық іскерлік топпен келіссөз жүргізген еді, осы инвестжоба соның нәтижесі деуге болады. Бұйырса, қызанақ пен қиярдан бастап біраз көкөніс осы жерде өнім бермек. Айтпақшы, бұл жылыжай үшін енапат қарашірікке бай топырақтың қажеті жоқ, гидропоника әдісімен өндірілмек. Тарқата кетейік, гидропоника тәсілі – өсімдіктерді топырақсыз, минералды қоректік ерітінділер арқылы өсіру. Жылыжайларда бұл технология суды 80-90%-ға дейін үнемдеуге, өнімділікті бірнеше есе арттыруға және дақылдарды аурудан қорғауға мүмкіндік беред
Иә, көрші елдерді байыта бермей, қыста да қияр мен қызанақты Қызылордадан тиімді бағада табатын күн жақын.