Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңартуға резервтен 16 миллиард теңге бөлді. Премьер-Министр Олжас Бектенов қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.

Қабылданып жатқан шаралар алдағы жылыту маусымында Кентау, Риддер және Қызылорда тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жалпы, еліміз бойынша биыл бірқатар өңірдегі жылу электр орталықтарындағы 10 энергоблок, 55 қазандық пен 45 турбинаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.