Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер кілтін табыстады. Кездесу барысында аймақ басшысы боксшыдан олимпиадаға дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Кездесу барысында облыс әкімі өңір халқының атынан Қамшыбекке пәтер кілтін табыстады. Еске салсақ, Қамшыбек Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.