#qyzylordatv

«Әке тәрбиесі - ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық форум биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматтың отбасы мен қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң.

Қазақ қоғамы мықты әкелердің арқасында дәуір сайын дүрілдеп, күшейіп отырды, жағасына дұшпаны қол сала алмай, бір сүйем жерін жауға алдырмай, ұлан-байтақ атырапқа ие болып қалды, тарихты парақтасақ, батырдың да, бидің де, 15-інде баспын деп, жастайынан жарқ етіп, ел алдына шыққанын байқайсыз, ал қазақ әдебиетінде әке туралы жазылған қаншама туындыда да қазақ әкесінің қайратты да шаруақор, алды-артын тереңнен ойлайтын ұрпаққа тілеуқор әкелердің иісі аңқып тұр. Иә, бір нәрсе даусыз: қай қоғамның да іргесі отбасынан құралады, ал оның тірегі – әке.

 Түрлі әке бар. Бірі баласын шаруаға үйретеді, енді бірі терең білім алуға үндейді, бірі спортқа баулиды, енді бірі мүгедек баласын қайтсем аяққа тұрғызсам деп көксейді. Ерік-жігердің, үміт пен сабырдың сиволын көргіңіз келсе, қала тұрғыны Дәулет Серікбаевтың отбасына бас сұғыңыз, бұл әке ерекше балаларға қамқор болып отырған отағасы

 Перзентің үлгі етер, есейгенде өсиетіңе сүйсінер әке болу үшін көп еңбек ету керек, ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қою керек дейді біздің спикерлер

 Форумда көпшілікті тәнті еткен ізгі қадам жасалды - мүгедек жұбайы мен екі перзентіне қамқор болып отырған әке, «Қызылорда» супермаркетінің жұмысшысы Жандос Камаловтың отбасына 3 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.

 Іс-шарада «Қазақстан даусы-2023» жобасының финалисі Нұрислам орындаған туындысы әкелер мерейін көкке көтергендей болды.