#qyzylordatv
Келесі сюжетіміз ақхалатты абзал жан - Фатима Қосназарова туралы болмақ. Ол отыз жылдық тәжірибесінде мыңдаған ананы аман-есен босандырып алған.
Әйел өміріндегі ең жауапты кезеңнің бірі – жүктілік. Ал бұл жолда жас ананың жанынан табылатын – акушер-гинеколог. Фатима Әлиасқарқызы босандырған әйелдер келесі жүктілігінде де оны перзентханаға өздері іздеп келіп жатады. Себебі қолы жеңіл, тәжірибесі мол дәрігердің біліктілігіне сенеді. 30 жылдық еңбек өтілінде кейіпкеріміз талай шақалақтың кіндік шешесі атаныпты. Қазіргі таңда облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық бөлімшесінде жұмыс істейді.
ФАТИМА ҚОСНАЗАРОВА – АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
Бұл көпбейінді облыстық ауруханасының негізінде акушерлік бөлім 2024 те ашылды. Сол уақыттан бастап осы жерде жұмыс жасаймын акушер-гинеколог ретінде. Әрбір босануға келген анаға барлық өзіміздің кәсіби, жанашырлық, адамгершілік тұрғыдан өз қызметімізді атқарып және ол қолына перзентін алған кезінде ана мен бала бақытты болған кезде мен де бақытты болам.
Өз ісіне шынайы берілген маманның жұмысы әрдайым оңай бола бермейді. Десек те, заманауи техника мен жаңа мүмкіндіктер бұл жолды жеңілдетіп келеді дейді кейікпкеріміз.
ФАТИМА ҚОСНАЗАРОВА – АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
Бұл босанудан кейінгі бөлімше 25 орынға шақталған. Босану бөлімінде 4 жеке палатасы бар. Босанған аналарды қарап, бақылап, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылады. Бұл бөлімше негізі экстрагенитальная патологиясы бар, облыс деңгейінде барлық әйелдер бізге келеді. Бұл бөлімшенің құрылу себебі облыстық көпбейінді орталық ауруханасының ішінде болғасын кез келген тар буынды мамандардың көмектесуіне негізделіп осы бөлімше ашылған.
Ана мен баланың амандығын күзеткен мамандардың еңбегі қашанда елеулі. Айта кету керек, қазір бөлімшеде 12 дәрігер жұмыс істейді.