#qyzylordatv

Осы жексенбі, яғни маусымның 21-інде облыс бойынша 1 қала, 1 кент және 3 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. Атап айтқанда, Арал қаласы, Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімдері сайланады. Ал, ертең –тыныштық күні.

  Жексенбіде өтетін бес округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізілмек. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған. 16 кандидаттың 59 сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды. Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 21 маусым күні 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады. Дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. Жалпы саяси науқанда 33 учаске жұмыс істеп, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді.