Қызылордада құрылыс материалын сататын дүкеннің қоймасы өртеніп кетті. Бір- біріне жапсарлас салынған нысандардың шатыры мен құрылыс заттары толық жанып кеткен. Абырой болғанда, адам аман. Оқиға кеше түскі сағат 12-нің шамасында болған. Жалынды ауыздықтауға 7 техника мен 30 жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.