Негізгі Жаңалықтар Ел тарихындағы елеулі күн

Ел тарихындағы елеулі күн

Өңірдегі Қызылорда Ашық университеті мен Жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында қос оқу орнының оқытушыларына алғыс хаттар табысталып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 


Республика күні – мемлекеттілігіміздің негізі қаланған маңызды мереке. Осы айтулы күнге арналған салтанатты шарада Қызылорда ашық университетінің ректоры ұжым мен студенттерді құттықтап, ізгі тілегін білдірді.   

Салтанатты шарада шәкірттің санасына сәуле құйып, ғылыми жетістіктерімен танылған бірқатар ұстаздар қала әкімі мен университет ректорының Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің дамуына қосқан айрықша үлесі және жоғары білікті мамандар даярлаудағы ерен еңбегі үшін Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры, PhD доктор Көктем Ақарысұлы Ерімбетов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медальмен марапатталды.


Марапат мінберінен көрінгендердің бірі – тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Молдабайқызы. Білікті мама өнегелі басқосудың өсіп келе жатқан ұрпаққа берер тәлімі мол екенін жеткізді. Жиын барысында студенттер Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әсерлі қойылым ұсынды. Жалынды жыр оқып, жүрекжарды лебізін білдірген жастар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

Мерекелік жиын әсем ән мен күмбірлеген күй өрілген концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна төрінде жанды дауысты ән әуелеткен өнерпаз студенттер мен мың бұралған бишілер кештің көркін кіргізді. 

Бөлісу