Облыстық сайлау комиссиясы Шиелі ауданы әкімі сайлауының қорытындысын хабарлады. Ауданда сайлаушылардың 72,91% учаскелерге келіп, олардың 81,2%-ы Айтбай Жандарбековке дауыс берген. Осыған орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Шиелі ауданында актив отырысы өтіп, осы ауданның жаңадан сайланған әкімі таныстырылды. Аймақ басшысының ауданға сапары туралы алдағы шығарылымда толығырақ айтатын боламыз.