Онлайн-платформаларды пайдаланушылар алдындағы жауапкершілік артады
#qyzylordatv
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне шектеу қойылып, онлайн-платформалардың жауапкершілігі күшейтілмек. Интернеттегі жала, балағат сөз, кибербуллинг пен анонимді аккаунттарға қатысты жаңа талаптар ұсынылды.
Онлайн платформаларда жала жауып, балағаттаса, былапыт сөздер қолданса әкімшілік жауапкершілік көзделмек. Балаларға қатысты кибербуллинг жасағандарға да жаза күшейеді. Тек пайдаланушы ғана емес, заңсыз контентті жою туралы нұсқаманы орындамаған платформалар да жауапкершіліктен құтылмайды. Қазақстанда тіркелген әлеуметтік желілердің барлығына елімізде өкілдік ашу міндеттелмек.
Биылғы 10 айда цифрлық кеңістікте 128 мың 500-ге жуық заң талаптарына қайшы материал анықталған. Оның 70 пайызы жойылды. Тағы бір маңызды талап. Бес мыңнан астам жазылушысы бар аккаунттардың барлығы есепке алынады.