Негізгі Жаңалықтар «Diamond Show»: Жастар балының жеңімпаздары анықталды

«Diamond Show»: Жастар балының жеңімпаздары анықталды

#qyzylordatv 

Халықаралық студенттер күніне орай облыс орталығында «Diamond Show» студенттік жастар балы өтті. Сәні мен салтанаты үйлескен ерекше атмосферадағы кеште 8 жұп өнер көрсетті. 


 Студенттік шақ – жалын мен жігерге, арманға толы кезең. Ал білім алушыларды бір ортаға жинаған жастар балы – студенттердің мәдениетін қалыптастырып, эстетикалық талғамын арттыратын ерекше алаң. Шарада хореограиялық өнерімен ел назарын аударған жұптың бірі – Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің студенттері Аңсар мен Динара.


АНСАР ОҢТАЛАПҰЛЫ – СТУДЕНТ

Хореография мамандығының үшінші курс студентіміз. Бұл менің группаласым – Динара. Осы бүгінгі іс шараға қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Өйткені біз биші болғасын өнерімізді көрсеткіміз келеді. Кіші сахнада болсын, үлкен сахнада болсын. Болашақта ҚР атынан шығып, басқа мемлекеттердің үлкен сахнасында өз өнерімізді көрсеткіміз келеді.


Мерекелік шарада қатысушылар өзара бақ сынап, шығармашылық қабілеті мен сахналық шеберліктерін ортаға салды.


 ДӘУРЕН ТЛЕУМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Жастарымыздың толыққанды азамат болып қалыптасу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Оны Сыр өңірінен көріп біліп жүрсіздер. Жастардың көңіл-күйін көрсету мақсатында арнайы жастар балы ұйымдастырылып отыр. Мұның бәрі жастарымыздың пікір алмасуына, танысуына, байланыстарын нығайтуына үлкен мүмкіндік беретін алаң деп есептеймін.


Кеште студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Jas Fest» өнер фестивалінің жеңімпаздарына да марапат табысталды. Ал жастар балының нәтижесі бойынша І орын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі, ІІ орын «Болашақ» жоғары колледжі, ІІІ орын М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық IT жоғары колледжінің студенттеріне бұйырды.

Бөлісу