Негізгі Жаңалықтар Масаң күйде көлік басқарған 17 жүргізуші анықталды

Масаң күйде көлік басқарған 17 жүргізуші анықталды

#qyzylordatv 

Облыста жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде бір апта көлемінде масаң күйде көлік құралын басқарған 17 жүргізуші анықталды. 


Құжатсыз көлік айдап, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған азаматтарға заң аясында тиісті шара көрілді. Атап өту керек, масаң күйде көлік басқару өз өмірін қатерге тігумен бірдей. Осы орайда полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және масаң күйде көлік тізгіндеуге болмайтынын ескертеді. 


Бөлісу