#qyzylordatv

«Amanat медиа сыйлығының» жеңімпаздары анықталды. «Аймақ туралы үздік материал» номинациясын «Qyzylorda» телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқалиев иеленді.

 Бекзат Есқалиев республикалық байқауға «Qyzylorda expedition» жобасын ұсынған. Аталған жобада өңірдің ірі тарихи, мәдени шаһарлары көрсетіледі. Экспедиция Сырдария алабындағы Сауран қаласынан басталып, Сығанақ, Сауысқандық петроглифтері, Асанас, Шірік-Рабат, Жетіасар жұрты, Жанкент және айдынды Арал табанындағы Кердері қалашықтарының аралығын қамтиды.

    Жалпы «AMANAT» партиясы журналистер арасындағы осы республикалық байқауды 16 жыл қатарынан өткізіп келеді. Осы жылдар аралығында аталған іс-шара еліміздің ақпарат саласындағы маңызды оқиғаға айналды. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов байқау жеңімпаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының барша өкілін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 ЕРЛАН ҚОШАНОВ - МӘЖІЛІС СПИКЕРІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

«Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша журналистер қауымын құттықтап, мәртебелі марапаттар тапсырды. Президент ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін ерекше атап өтті. Журналисттер біздің ең жақын және ең сенімді серіктестеріміз, өйткені БАҚ-сыз қоғаммен етене араласу ол мүмкін емес. Журналистер партия өміріне терең бойлап, елдегі саяси процесстерге араласса, Аманаттықтар сіздер арқылы қоғамға өз жұмысын көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз.