#qyzylordatv #тазақазақстан
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Бұл биылғы көрсеткіш. Қазір «Таза Қазақстан» акциясы – жалпыхалықтық шараға айналуда. Себебі, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, жасыл желекке айналдыруды ниет еткендер саны артуда. Жиналып жатқан қоқыс та аз емес. Енді, оны өңдеуге басымдық берілмек. Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналады. Ал оларды қайта өңдеу деңгейі 26 пайызға да жетпей тұр. Көрсеткішті арттыру үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеуге басымдық беріледі.
ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ
// Бизнес өкілдерінің де белсенді қатысып жатқанын атап өткен жөн. 2025 жылдың соңына қарай 3,6 млн-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда, оның 3 миллионы ERG компаниялар тобына тиесілі./ орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасы бойынша 1 млрд 369 миллион көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуілдің 48,7 миллион көшеті отырғызылды.
Елімізде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жаңа буын экологтарын дайындауда. Бұл жөнінде Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі мәлім етті.
САЯСАТ НҰРБЕК - ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
/ Қазіргі уақытта экологиялық бағыттар бойынша оқыту еліміздің 35 жоғары оқу орнында жүргізілуде. Қазіргі уақытта 143 білім беру бағдарламасы әзірленді. Бекітілді. Жұмысқа енгізілді. Жаңа инновациялық бағдарламаларды да пысықтар жатырмыз.
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді. Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге, қоғамды, қауымдастықтар мен бірлестіктерді белсенді тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Президентіміздің идеясы – "Таза қазақстан" бастамасын табиғатты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар ойдың да, бойдың да тазылығын сақтап, адамның ішкі мәдениетін тәрбиелеу арқылы оны дұрыс өмір салтына айналдыру. руханияттың дамуына ерекше көңіл бөлу керек.Айналаңдағы адамдарға, дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарау, қоғамдық жауапкершілікті дамыту және еңбекқорлық Мемлекет басшысының “Таза қазақстан” бастамасын іске асырудың маңызды бағыттары болуы тиіс. Экологиялық мәдениет, қазіргі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет.