#qyzylordatv

Жақында тауарлық газ бағасында өзгерістер болуы мүмкін. Осы мәселеге байланысты облыс әкімдігінде ведомство өкілдерінің және газ таратушы компания басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.

 Газ саласы - еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындайтын жетекші саланың бірі. Қазір облыста тұтынушыларды көгілдір отынмен қамтамасыз етуші екі газ тарату мекемесі бар. Жиынға қатысушылар жергілікті деңгейде баға қалыптастырудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік осал топтарының мүддесін ескеру және газ инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Мамандар тауарлық газ бағасының өзгертуге бірнеше фактор әсер ететінін айтты

ҚҰДАЙБЕРГЕН АРЫМБЕК – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ /// Бұл шешім саланың экономикалық жағдайын жақсарту және елдің газбен жабдықтау жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабылданды.

Ескеретін жайт, облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес газ бағасы өзгерген жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормасы бекітілген. Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев газ тарату мекемелерінің шекті бағаны өзгертуге қатысты ұсынған өтінімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарауды, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live