#qyzylordatv
Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейді. Соның бір дәлелі – кез келген мемлекеттік ұйымның алқалы отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін шақыру міндеттеледі.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адамға ақшалай сыйыақы да беріледі. Мәселен, өткен жылы аймағымызда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін 6 тұлғаға 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы берілді. Ал, биыл 4 тұлға арнайы алғыс хатпен марапатталып, 1 азаматқа 258 440 теңге сыйақы табысталды. Сондай-ақ бұл азаматтар қаражатпен қамтылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия саналады