#qyzylordatv

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Сыр суы» филиалына жаңа автокөліктер мен арнайы техникалардың кілтін табыстады.

 2030 жылға қарай елімізде су тапшылығының көлемі 40 пайызға жетуі мүмкін. Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшуіміз керек деген болатын. Сондай-ақ президент жыл соңына дейін еліміздегі барлық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтуды тапсырды. Бұл жұмыстар біздің өңірде нәтижелі жүзеге асуда. Атап айтсақ, Арал ауданындағы ең шалғайда қоныс тепкен Ақбасты ауылы орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылса, Қазалы ауданындағы Шәкен, Шиелі елді мекендерінде құрылыс жұмыстары басталды. Сондай ақ облыс халқын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында Талап, Жиделі, Байқожа топтық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.