#qyzylordatv
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қызылордада «Қанатты қалам-2025» салтанатты шарасы өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр жұртшылығы атынан қаламгерлерге ризашылығын жеткізді.
Қазіргі ақпарат тасқынында сенімді дерек, дәйекті талдау ұсынудың мән-мағынасы зор. Кез-келген ақпаратты мұқият елеп-екшеп, жұртқа дұрыс жол көрсету өте маңызды. Осы миссияны атқаруды көздеген 150-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы аймақтың медиа кеңістігінде жұмыс істеп жатыр. Қоғамның тыныс-тіршілігін зерделеп, билік пен халықтың арасына алтын көпір салған журналистер қауымын аймақ басшысы құттықтады. Ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ «Бүгінде интернет ресурстар, ЖИ жылдам дамыған жаһандану дәуірінде халыққа шынайы әрі жан-жақты зерделенген ақпарат ұсынудың маңызы зор. Журналистиканың миссиясы - дәлелденген, рас ақпаратты тарату. Алаш арысы М. Дулатұлы «қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті болады»,- деген екен. сол үшін ақапарат құралдарына халықтың үні, ұлттың жаршысы, рухани тірегі болу жауапкершілігі жүктелген. Құрметті ақпарат саласының өкілдері сіздер аймағымызда отандық журналистканың ең үздік мектебін қалыптастыруға үлес қосып келесіздер. қажырлы еңбектеріңіз үшін Сыр жұртшылығының атынан ризашылығымды білдіремін».
Салтанатты жиында Сыр журналисткасының ардагерлеріне облыстың ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасы табысталды. Қызылорда телеарнасының ардагері Несібелі Рахмет, облыстық «Сыр бойы» газетінің ардагері Ыдырыс Тәжіұлы, «Қазақстан» дәуірі газетінің меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы марапат төрінен көрінді.
Ал, талантты ақын, қарымды қаламгер Дүйсенбек Аяшұлы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес «Құрмет» орденімен наградталды.
Кәсіби мереке қарсаңында Қызылорда телеарнасының директоры Нұрбек Әмиша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алып келді. Салтанатты жиында аймақ басшысы Нұрбек Шынтемірұлын сахна төріне шығарып, бұл Сыр журналистикасына берілген оң баға екенін айтты.
Сондай-ақ мерекелі шарада республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Әлібек Байшүленов пен «Қоғам тв» телеарнасының шеф-редакторы Баян Құлтанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ал Қызылорда телеарнасы бас редакторының орынбасары Бекзат Есқалиев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Күні кеше әріптесіміз Астана төрінде «Аманат медиа сыйлығының» иегері атанып, өңірге олжалы оралған бойы.
Интершум: /марапат/
БЕКЗАТ ЕСҚАЛИЕВ - АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Журналистің жүрегі микрофон, көзі камера деген. Жүрегімізге жазылған, көзімізбен көрген дүниелерді ел-халыққа ұсынып жүрміз. Бүгін сол еңбегімізді бағалап, облыс әкімдігі «Ақпарат саласының үздігі» номинациясына ұсынған екен, бек қуаныштымыз. Барша әріптестерімді осы кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын».
ДӘУІРЖАН ЕЛУБАЕВ - АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, ОБЛЫСТЫҚ «СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ
«жыл он екі ай уақытпен санаспай, маңдай терін үгіп жүріп, еңбек ететін журналистердің мерекесі бүгін. Сол мерекеде салалық министрліктің «Ақпарат саласының үздігі» деген төсбелгісін иеленіп жатырмын. Қуаныштымын. Барлық әрітпестерімді мерекеме шын жүректен құттықтаймын».
Сонымен қатар, телеарнамыздың жетекші дизайнері Әлібеков Жалғасбек Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасымен, ал қоюшы-режиссер Жангелді Әлібаев аталған министрліктің алғыс хатымен марапатталды. Аймақ ақпаратына ізденісі мен кәсіби шеберлігін арнап, оқырман мен көрермен құрметіне бөленген сала майталмандарының және бір тобы облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Олардың қатарында арнамыздың редакторы Дәулет Сағит пен телеоператор Рамазан Жүсіпбек бар.
Сондай-ақ жиында облыс әкімінің арнайы номинациялары табысталды. «Бас басылым», «Қаламгер», «Шабытты журналист», «Жаңалық жаршысы сынды 20 дан астам номинация иегерлері сый-құрметке бөленді.
Соның ішінде, Қызылорда телеарнасының инженері Айдос Дәрібаев «Үздік техникалық инженер» номинациясымен марапатталды. Ал, арнамыздың тілшісі Гүлфайруз Пірмағамбетова «Жаңа келбет» номинациясын иеленді.
ГҮЛФАЙРУЗ ПІРМАҒАМБЕТОВА - «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ «Облыс әкімінің арнайы «Жаңа келбет» номинациясын иелендім. Өздеріңізге белгілі бірнеше айдың бедерінде біз облыс көлеміндегі жаңа нысандардың кейіпін айшықтап, облыс халқына көрсетіп келеміз. Яғни,бұл номинация менің алдағы жұмыстарыма стимул деп білемін».
Салтанатты кеште Сыр өнерпаздары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.