#qyzylordatv
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Көкарал бөгетінің қазіргі жағдайымен танысты.
Президент Сыр өңіріне келген сапарында «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасын тезірек қолға алу керектігін айтқан болатын. Қазіргі күні жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Жобаның жалпы құны – 4,5 млрд теңге. Жобаны жүзеге асыруға дүниежүзілік банк пен шетелдік қаржы ұйымдары қолдау білдірмек. Министрдің сөзінше Көкарал бөгеті тағы да екі метрге көтеріледі. Аманөткел су торабы салынып, бірнеше канал қазылады. Нәтижесінде Қарашалаң мен Тұщы көл суға толып, тіршілік жанданады.
НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ \Жұмыстың нәтижесінде қазір Көкарал бүгінгі жағдайда 27 млрд текше метр су жинауға мүмкіншілігі бар. Егер біз сол жұмыстарды атқарсақ қосымша тағы 7 млрд текше метр су жиналады. Сонда көлемі 34 млдр. текше метрге жетеді. Ол дегеніміз қосымша балық көлемі көп болады, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Одан бөлек туризм саласы дамиды ...\