Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қыза түсті. Бүгінде құбырларды ауыстыру, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бастық жаңалық - 187 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылмақ. Тілшіміз Дәулет Сағит әңгімелейді.

Бас шаһарда жылу желілерінің 44,6 пайызы тозған. Қазіргі күні жаңғыртудан өтетін 9,5 шақырым жылу желісінің 8,8 шақырымы жаңартылды. Бұған 6,9 млрд теңге бөлінген. Ал жылу энергия көздерін жаңғыртуға 4,8 млрд теңге бағытталған.

ДІНМҰХАММЕД ИСЛАМОВ – ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //16-шы қыркүйектен бастап магистралды жылу жүйесін сумен толтырып жатырмыз. Одан шыққан ақаулар болып жатса 1-ші қазанға дейін бітіріп, сол күннен бастап 100 пайызға дайын болуымыз қажет. Облыс әкімінің көмегінің арқасында республикалық және облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, артымызда тұрған БТУ трубинасының 2-і жұмыс істеп тұр. 1-еуі қазір ресейде капиталный ремонт жүргізіліп жатыр. Оның өзіне облыстық бюджеттен 700 млн-ға жуық қаржы бөлінді. Ол уже желтоқсан айының аяғына дейін бітіп келуі керек. Онан бөлек, 4 жарым мың тонна мазут қоры бар. Егер сыртқа ауа райы 5 күн бойы +10 градустан төмен болса автоматты түрде әкімнің шешімімен қосамыз. Негізі 15 қазан деп отырмыз жылуды қосу уақыты.

Мұнымен қоса, биыл жергілікті және кәсіпорын қаржысы есебінен жылу электр орталығындағы 2-і газотрубиналық қондырғының генераторы мен 11 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

НАУРЫЗ САТХАНОВ – ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ // Негізгі қондырғылардан 6-шы, 9-шы бу қазандығы ағымдағы жөндеуден өтті. Үшінші поровой трубинамызда жөндеуден өтті. Қазір барлығын суға толтырып, күзгі сынақтардан өткізіп жатырмыз. Мұнан кейін, уже біз қалалық жылу желілерін де сынақтан өткізуді бастаймыз. Жалпы барлығы жұмыс жасауда.

«Қызылорда Оңтүстік жылу орталығындағы» жылу қазандығы да жаңа маусымға дайын болып қалды. Бұл қазандықтар арқылы 220 нысан жылу энергиясын тұтынады. Қазір құбырларды ауыстыру, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қысқа дайындық мәселесі облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

НҰРЛАН НҰРМАХАНОВ – ҚЫЗЫЛОРДА ОҢТҮСТІК ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ // «Қызылорда Оңтүстік жылу орталығындағы» жылу қазандығында қазіргі таңда 7 бу қазандығы бар. Оның ішінде 4-і 25-те 14. Ал 3 қазандық «Си-Джи» екі мыңда 14 қазандығы болып табылады. Олар 97 колорий өндіреді. Қазір күрделі жұмыстар өтілуде. 98 пайыз дайынбыз жылу маусымына. Біз «Южный», 2-ші мкр ауданы, «Универсам» мөлтек аудандарындағы тұрғын үйлерге жылу береміз. Былтырғы қыстан шыққан бірнеше ақауларды күрделі жөндеуден өткіздік. Қазір барлық бу қазандықтары дайын.

Сондай-ақ, биыл облыс орталығында 187 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылмақ. Желілерді жүргізу жұмыстары ақысыз негізде мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Ең бастысы, жұртшылық бұрынғыдай су ысытқыш құралдарды сатып алып, көл-көсір шығынға ұшырамайды. Электр энергиясына да айтарлықтай үнем. Бір сөзбен, көпшілік ыстық суды қазіргіге қарағанда 5 есеге арзан пайдаланады, дейді мамандар.

ХАСАНҒАЛИ ИМАНҒАЛИЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Қазіргі күні облыс орталығында 808 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 423 үйге ыстық су бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, биыл 187 үйге жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір ол жұмыстармен 3 мердігер мекеме айналысып жатыр. Ақпан айының 15-не дейін толық аяқтаймыз деп жатырмыз. Сондай-ақ, былтырдан бері 3-4 жылдың көлемінде салынған 157 жаңа үйлер ыстық суды алуға дайын. Олар 15-ші қазаннан бастап су беріле бастайды. Келесі жылы 236 үйге қаражат бөлінеді. Толық барлығы 2026 жылы алады деп отырмыз. Дегенмен, 808 үйдің ішінде 2-і этажы, өжіресі жоқ үйлер ала алмайды. 184 үй бар ондай. Олардың техникалық документтері жоқ соған байланысты олар ала алмайды.//