#qyzylordatv

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумаққа «Қорқыт ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы орналаспақ. Бұл бастама облыс экономикасын әртараптандырып, мұнай өндірісіне тәуелділікті азайтып, жаңа өндірістік бағыттарды дамытуға септігін тигізеді. Жаңа жоба туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дәурен Әбілқайыров баспасөз брифингінде баяндады.

 Жоспарға сәйкес, 2049 жылға дейін аймаққа тартылатын инвестиция көлемі 150 млрд теңгеге, оның ішінде шетелдік капитал 80 млрд теңгеге дейін жетеді. Ал, өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр.

 ДӘУРЕН ӘБІЛҚАЙЫРОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Бұдан басқа, мемлекет жобаларды іске асыру үшін аймақты қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді және кейіннен сатып алудың құқығымен жер учаскесін тегін жалға береді. Елімізде арнайы экономикалық аймақтар 25 жылға дейінгі мерзімге құрылады, және осы мерзімді ұзарта алады. Негізгі шарт – жобаның басым қызмет түрлерінің бекітілген тізбесіне сәйкес болуы.

Арнайы экономикалық аймақтың басым бағыттары жеңіл өнеркәсіпті дамыту, машина жасау саласын дамыту, химия өнеркәсібі және авиацияға арналған жүкті тасымалдау, қоймалау сияқты бағыттарды қамтиды. Нәтижесінде, үш мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің экспорттық және көліктік әлеуетін күшейеді, дейді мамандар. Сондай-ақ бірқатар салықтық жеңілдіктер де қарастырылып отыр. Мәселен Арнайы экономикалық аймақта өндірілетін және экспортқа шығарылатын тауарларға, импорттық тауарларға қосымша құн салығы 0 пайыз, мүлік және жер салығы да нөлдік деңгейде болмақ.

 ДӘУРЕН ӘБІЛҚАЙЫРОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Атап өту қажет, аумақта жер қойнауын пайдаланушыларға, акцизделетін тауарлар өндіретін ұйымдарға, ойын бизнесі саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігі жоқ екенін атап өтеміз. Аймақ қатысушысы ретінде тіркелу ҚР «АЭА және ИА туралы» Заңымен реттеледі. Жер алу үшін инвестор құжаттардың толық тізбесін қоса бере отырып Басқарушы компанияға өтінім береді. Бұдан әрі Басқарушы компания сәйкестігін тексеріп, оң қорытынды болған жағдайда шарт жасалады.//