#qyzylordatv

Қала бюджеті қайта нақтылау барысында 133 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясында қала әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді. Сондай-ақ қолға алынған жаңа жобалар шеңберінде жыл соңына дейін 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова қала бюджетінің атқарылу барысын баяндады. Әрбір ауылдық округ пен кент бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекітті. Мұнан соң бюджетті нақтылау барысында кері қайтарылған транферттерге тоқталып, енген қаржылық өзгерістерді таныстырды.

 Сессияда облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі тиімсіз жоспарланған бұзушылықтардың бар екенін жеткізді.

 СӘКЕН МЫРЗАБЕК – ОБЛЫС БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

//Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және басқа да қолданыстағы заңдылықтардың нормалары сақталмағандықтан 6 млрд 941 млн 265 мың теңгенің жалпы бұзушылығы анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 920 млн 868 мың теңге, тиімсіз пайдалану 2 млрд 266 800, активтерді тиімсіз жоспарлау 3 млрд 695 млн теңге //

 Облыстық бюджетті нақтылау барысында бюджетке кері қайтарылған трансферттердің орнына қалалық бюджеттен 3,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2 ауданда 105 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысын салу және Тәуелсіздікке 25 жыл көшесін реконструкциялау, ағын суларды тазарту қуаты тәулігіне 70,0 мың текше метрді құрайтын биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру секілді ауқымды жобаларға жұмсалмақ.

 Сессияға қатысқа қала әкімі жоспардағы жобаларға тоқталып, биыл 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деді.

НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ

//Жыл басындағы бюджеттің көлемі 73 млрд теңге Бүгінгі нақтылаумен 133 млрд теңгеге жетіп, 182 пайызға өсім алып отыр.++ қалада биыл 370 млрд теңгенің 25 жобаны іске асыру жоспарланса, биылдың өзінде соның 13 жобасы жүзеге асырылады. 800-ге жуық жұмыс орындары ашылады. //

  Биыл қалада ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 6 көшені күрделі жөндеуден өткізу жоспарда. Бұл бірінші кезекте тұрғындар үшін қажеттілігі жоғары жолдар саналады. Жобаның құны 1,7 млрд теңгеге жуық. Депутаттар мұндай ауқымды жұмыстарды атқаруда бірлесе шешім қабылдады.