#qyzylordatv

Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандарға айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 27 мың 500 теңге, яғни 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.

«Мақсатымыз жазалау емес, жазатайым оқиғалардың алдын алу,»- дейді төтеншеліктер. Осы орайда Жалағаш ауданының құтқарушылары шомылуға тыйым салынған жерлерде бақылау жұмыстарын күшейтті. Рейдтік іс-шараға құтқарушылармен бірге тәртіп сақшылары, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған. Олар жабайы жағажайларды шолып шығып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын еске салып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыруда.