#qyzylordatv
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілдігі сараптамалық кеңес отырысын өткізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары арнаулы әлеуметтік көмектерге қол жеткізіп жүр ме? Құқық қорғау және медициналық ұйымдардың әрекет ету алгоритмі қала жүзеге асуда? Тілші бейнематериалы
Қазір қоғамда агрессия басым, түсінісу, сабырға келу жағы кемшін. Тұрмыстық зомбылықтан теперіш көргендерге арнаулы орталықтар жәрдем беріп жатыр. Бірақ, бұл бағытта да барлық мәселе басыбайлы шешілмеген. Аталған мәселе сараптамалық кеңес отырысына көтерілді. Мәселен, «Қамқорлық» дағдарыс орталығына келіп түсетіндердің басым бөлігі медициналық тұрғыда сақтандырылмағандар санатынан. Ал, олардың ішінде жұқпалы дертпен ауыратындар да жоқ емес. Яғни, ем шұғыл жүргізілуі шарт. Алайда ол жағы заңмен қамтылмаған.
Мына алмағайып заманда, құбылмалы қоғамда ерлі-зайыптылар әуелгіде қиындықта да, қуанышта да бірге боламыз деп некелескенімен, кейін келе шекісіп қалуы жиілеген. Екі ортада көздері жәутеңдеп балалары тірі жетімнің күйін кешетіні жасырын емес.
Проблема көп. Сараптамалық кеңес өзекті мәселелер бойынша құзырлы ведомстволарға ұсыныстар жолдамақ
Бірі кемнің бәрі кем демекші, денсаулық мәселесі өз алдына. Үйінен қашып, орталықтан пана іздегендердің балаларының оқу үлгерімі де, тәртібі де бас шайқататын жағдайда дейді хабарламашылар. Қысқасы, аталған мәселе кешенді түрде шешімін табуы тиіс. Онсыз болмайды, жасырғаннан жақсарып кетпейтін нәрсе бұл.