#qyzylordatv

 «Алтын белбеу» жарысының қорытындысымен 2025 жылдың «Сыр барысы» атағын аралдық Нұрым Сәлімгереев иеленді. Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» турнирінен тілші репортажы.

 «Алтын белбеу» аламаны аймақта осымен 16-шы рет өткізіліп отыр. Боз кілем бәсекесі бүгінде жас палуандарды үлкен спортқа шыңдайтын тәжірибе алаңына айналған. Ал, биылғы додада кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар мен ересектер 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, бәйгеге тігілген алтын белбеуді сарапқа салды.

 ҚАЙРАТ ЖОЛМЫРЗАЕВ – ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ //Кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер 3 минут, жастар 4 минут, ересектер 5 минуттан белдесіп жатыр. Қазақ күресінің ережесімен өтуде. Төрешілре құрамында ұлттық дәрежедегі төрешелір, бірінші санатағы төрешілер, өзіміздің қазақ күресінің құрамынан төрешілер. Жыл өткен сайын жас палуандардың деңгейі жақсы өсіп келеді//

Сұрыптан өткен 250 спортшы екі күн бойы белдесіп, жарыс көрігін кіргізді. Ал, турнирдің басты сайысы түйе палуандар белдесуінде жүзден жүйрік шыққан 16 мықты күресті. Нәтижесінде, ақтық кезеңде қармақшылық Мақсат Исағабылов пен аралдық Нұрым Сәлімгереев кездесіп, алыптар айқасында аралдық палуанның мерейі үстем болды.

НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ – СЫР БАРЫСЫ //Эмоция жақсы. Осымен 4-ше рет «Сыр барысын» жеңіп алып жатырмын. 00:26+ «Қазақстан барысының» бізде алтын белбеуі мен тайтұяғы бар. Енді төртінші мәрте Сыр еліне «Қазақстан барысы» атағын әкелеміз деген сенімдеиіз//

АБЫЛАЙХАН БОЛАТБЕК – ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ //76 келіде күрестім, финалдық белдесуім өте қиын болды. Бұған дейін чемпионаттан екі алдым, Азия чемпионы болдым. Арманым жастар және ересектер арасында чемпион болу, мастерді орындау//

 Ерекшелігі сол, биыл түйе палуандар арасында 18 жастағы спортшы да өнер көрсетті. Турнирге алғаш рет қатысқан қызылордалық палуан Бейбарыс Сұлтан бірінші бәйгесінде-ақ қола жүлдені қанжығалап, «Сыр сұңқары» атанды. Үлкен спортқа енді-енді қадам басқан жас палуан үшін бұл қоланың құны алтынмен пара-пар.

 БЕЙБАРЫС СҰЛТАН – СЫР СҰҢҚАРЫ //Қарсыластарым мықты, бәрі өзімнен үлкен кісілер. Өзім арасындағы ең кішкентайымын. Финалға жолдамада жеңіліп қалдым, дегенмен күш білекте, үшінші орын алдым. Ендігі жоспар «Қазақстан барысында» 2026 жылы күресу, Сыр барысының қандай болатынын көрсету//

 «Алтын белбеу» бәсекесінде әр салмақтың мықтыларына диплом, медаль мен қаржылай сыйақылар табысталды. Ал, түйе палуандар арасында финалда күрескен қос палуан Мақсат Исағабылов пен Нұрым Сәлімгереев қазан айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысында» өңір атынан өнер көрсетеді.