#qyzylordatv

 Елімізде Конституцияның 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Осыған орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Конституциялық соттың көшпелі сараптамалық кездесуі ұйымдастырылды.

 Жиынға Конституциялық соттың судьялары мен сарапшылары, прокуроратура қызметкерлері қатысып, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Конституциялық сот елімізде 2023 жылдың қаңтар айында өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі күнге дейін Конституциялық бақылау органына он мыңнан астам өтініш келіп түскен. Алайда олардың 95 пайызы сот құзіретіне сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылды. Судьялардың сөзінше, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылған азаматтар сот актілерін қайта қарауды сұраған. Бірақ Конституциялық сот жалпы соттардың сот актілерін қайта қарамайды. Осы мәселеге байланысты судьялар мен аппарат қызметкелері еліміздің әр өңірінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

АЙГҮЛ ҚЫДЫРБАЕВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ \Бұл жұмыс тиісті нәтиже берді. 2025 жылы конституциялық сотқа азаматтардың 1346 өтініші келіп түсті. Өтініштерді қайтарулар да азайды. Бұл азаматтардың конституциялық бақылау органының мақсаты мен рөлін, құзіретін түсінгенін көрсетеді\