#qyzylordatv
Облыстық әуесқой бокс федерациясына жаңа басшы келді. Бокс федерациясының президентін сайлау бойынша жиын Үстел теннисі орталығында өтті.
Жиынға қатысушылардың басым дауыс беру нәтижесінде бұл лауазымға Қанат Кушенов тағайындалды. Қанат Шаймағамбетұлы 1982 жылы Қызылордада дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Жиырма жылдан аса қаржы саласында еңбек етіп, бірнеше мемлекеттік ұйымдарда басшылық қызмет етті. Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев бокс федерациясының жаңа басшысына сәттілік тілеп, жағымды жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, алдағы күндері қаламызда бокс клубы ашылады.
БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // осы дүйсенбіден бастап Рустам Сваев бокс клубының директоры қызметіне тағайындалып, ресми түрде жұмысқа кіріседі. Сондықтан да «Тарлан» спорт кешені кәсіпкерлерден тегін мемлекеттің базасын алдық, Дүйсенбіден бастап бізде бокс клубы жұмыс жасайды және де бокс федерациясы жұмыс жасайды.Осындай қолдаудың арқасында спортшыларымыз оң нәтиже беріп, келесі олимпиадада алтынға таласамыз деген үмітіміз мол.`