#qyzylordatv

Қызылордалық полицей ару белбеу күресінен Үндістанда өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Халықаралық бәсекеде ел абыройын асқақтатқан тәртіп сақшысына облыстық полиция департаментінің басшылығы құрмет көрсетті.

 Сары құрлықтың басты бәсекесі 21 мен 24-ші мамыр аралығында Үндістан астанасы Дели қаласында өткен болатын. Белбеу күресінің кіл мықтылары жиылған жарыста қызылордалық Арайлым Оразбай екінші орынды жеңіп алды. Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған ару облыстық полиция департаментіне қарасты жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет етеді. Жиында сондай-ақ, Қонаев қаласында өткен тапаншадан оқ ату сайысында жүлдегер атанған арнайы жасақ аруларына да құрмет көрсетілді. Республикалық жарыста полиция капитаны Лаура Төлекова бірінші орынды еншілесе, полиция подполковнигі Бақыткүл Самратова жүлделі екінші орынға ие болды. Шарада облыстың бас полицейі қызмет барысында қырағылық танытып, екі адамды ажалдан арашалаған Әділхан Уәлихан, Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай секілді тәртіп сақшыларына да айрықша құрмет көрсетті.