#qyzylordatv
Аралдықтар шегірткеге қарсы күресті күшейтті. Қосымша техникалар әкелініп, химиялық өңдеу жұмыстары әуе кемелері және жер агрегаттары арқылы жүргізіліп жатыр. Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров зиянкестерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын көрді Жергілікті тұрғындармен кездесіп, өтініш, тілектерін тыңдады.
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \Биыл өңірде шегіртке мерзімінен 10-12 күн бұрын ерте шықты. Мұның себебі күннің күрт ысып, жердің қызуынан дейді,-мамандар. Зиянкес жәндіктер әсіресе Арал ауданының қыр беткейінде көп. Сондықтан біз тұрған Қарақұмның қойнауында, Тоқабай, Жіңішкеқұм елді мекендерінде химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр....\
Арал ауданында шегірткеге қарсы 28 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі күні оның 11 мың гектардан астамы өңделді. Дегенмен зиянкес жәндіктер азаяр емес. Мамандар мұның себебі ауа райының қолайсыздығынан деп отыр. Алайда желдің күшеюі зазалсыздандыру жұмыстарын уақытылы жасауға кедергі келтіруде.
АРТЫҚМҰРАТ СҮЙІНБАЙҰЛЫ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ \Біздерге кедергі болып тұрғаны ауа райының жел болуы. Желдің жылдамдығы 5 метр сек. асқан жағдайда химиялық өңдеу жасау өте қолайсыз. Шашып жатқан химиялық ерітіндіміз жерге түсу коэфиценті төмендейді. Жеңіл ұшақтар ұша алмағына байланысты үлкен әуе көліктерін алып келдік. Желдің баяулағынын күтіп тұрмыз. Таңғы бестен бастап сеуіп жатырмыз. Препараттар бал арасына ғана зияндығы бар, малға зияны жоқ \
Шегірткеге қарсы күрес шаралары ауыл шаруашылығы министрінің тікелей бақылауында. Арал ауданына арнайы келген Айдарбек Сапаров ауыл тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ \қосымша екі самолет жіберген болатынбыз кеше Премьердің тапсырмасымен. Ауа райы жақсы болса төрт самолет барлық жағдайда жасап, бітіріп тастайды. ...\
Шаруашылық иелерін алаңдатып отырған басты мәселе – мал азығы. Зиянкес жәндіктер шөпті отап кете ме деп уайымдайды.
БЕКТҰРҒАН НАЗАРОВ, ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \Биыл қаптап кетті шегіртке. Шегірткенің түскен жері ештеңені де қалдырмайтын болып тұрғой енді. Бұл тажалдан ештеңе қалмайды. Сондықтан мемлекет көмек берсе біздің шаруаларымызға. Біз енді малдың жайында отырған адамбызғой. Ауылға қарасты ірілі уақты 90 дай шаруашылық бар\
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ \ауыл тұрғындарының тұрмысын көзбен көріп, қосымша сұрақтарын тыңдадым. Шөп керек деп жатыр. Енді мұны Ақтөбе облысынан қай жерден қалай шөп шабылады оны қалай тасымалдананы бұл мәселені шешіп тастадық. Екі облыстың зам әкімдері бар \
Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың жетекшілігімен жедел штаб құрылған болатын. Мамандар мониторинг жүргізіп, қай жерде үйірлі шегірткенің бар екендігін дер кезінде хабарлап отырады. Соған сай әрекет жасалынады. Айта кету керек, зиянкес жәндіктерге қарсы күрес жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылған.