#qyzylordatv

Бірінші маусымнан бастап елімізде Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады. Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Резерв құрамына енеді.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінде өткен жиында айтылды. Іс-шараға облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров және облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев қатысып, жастар кадрлық резерві жөнінде тарқатып айтты.

    Биыл іріктеу нақты бағыт бойынша жүргізіледі. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жұмыс өтілі бар, талап бойынша қазақ тілін меңгерген азаматтар қатыса алады. Құжаттарды қабылдау 1-30 маусым аралығында ресми платформада онлайн жүзеге асырылады. Іріктеудің 6 кезеңі бойынша 50 адам Резервке қабылданады.

Бұл тақырып төңірегінде бүгін «Жаңалықтардан» соң тікелей эфирге шығатын «Анықтаймс» хабарында кеңірек тарқатып айтатын боламыз.