#qyzylordatv

Бүгінде сотталғандарды әлеуметтік ортаға бейімдеуге баса мән беріліп отыр. Осы орайда прокурорлық тексеру жүргізіліп, жазасын өтеушілерге орта және арнайы білім беру жұмыстары өз дәрежесінде емес екені анықталды. Түрме ішіндегі тәртіп те тұрақсыз. Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандардың құқықтық жағдайы ведомствоаралық жедел мәжілісте талқыланды. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.

 РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ "Түрме халқының өсуіне байланысты жедел режимдік ахуалды бірқалыпта ұстау қиындық тудыруда. Облыс прокуратурасы әрдайым жүйелі сипатқа айналған заңбұзушылықтарды анықтауда. Оларды жоюға бағытталған шараларды белгілеуде. Бірақ бұл саладағы жағдайлар өзгеріссіз қалуда».

 Құқық қорғаушыларды әсіресе сотталғандардың тәртібі алаңдатып отыр.

 АЛМАС МАХМУТ – ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ «Қазіргі уақыттың өзінде үй жағдайында қатаң режимде сотталғандар емін-еркін киім үлгісін бұзып, жалпы режимде сотталғандар ішкі күн тәрітібін сақтамай, түнгі уақытта теледидар көріп, күндізгі уақытта дәлізде немесе мекеме аумағында қадағалаусыз жүруді әдетке айналдырған. Мысалы, сотталған Жаманбаев наразылығын білдіріп, 8 рет өзіне дене жарақатын салып, 2 мәрте аштық жарияланған, қазір де аштықта отыр. Өз кезегінде қылмыстық-атқару департаментінің қызметкерлері және ұлттық ұлан бақылау режимін орнатуға қауқарсыз болып отыр».

Сонымен қатар сотталғандардың денсаулығы да ескерусіз қалған көрінеді. Мәселен, жыл басынан бері сотталғандар тарапынан медициналық мұқтаждыққа байланысты 114 шағым келіп түскен.

 АЛМАС МАХМУТ – ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ «Медициналық қызметті уақытында ала алмау сотталғандарды уақытында шығармауынан туындаса, екінші жағынан дәрігерлердің мекемеге уақытылы немесе мүлдем келмеуінен орын алуда. Бұл ретте бас прокуратурамен телемедицина қолдану ұсынылғанымен біздің өңірде тиісті деңгейде орындалмауда. Тағы бір фактор, нөмірі 60-68 мекемелерде күндізгі стационар ашылмаса, түнгі мезгілде кезекші дәрігерлердің мекемеде қалуы қарастырылмаған. Салдарынан осы жылы сотталғандардың мекеме аумағынан шығуы орын алды».

Қазір аймағымыздағы 3 түзеу мекемесінде 1200-ге жуық адам жазасын өтеп жатса, оның 1045-і жұмысқа жарамды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20 пайызға көп .

 ШӘЙМЕРДЕН ЕСЕНГЕЛДИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ «Облыстық білім басқармасына 2025-2026 оқу жылына электрик, арнайы тігінші, дәнекерлеуші, ағаш ұстасы мамандықтары бойынша 80 орынға хаттар жолданды. Бұл сұрақтар қыркүйек айында шешімін табады. «ал мына медицинаға келетін болсақ, сотталғандардың медициналық көмегі бойынша өздеріңіз де білесіздер басқа облыстарда да ауруханадан қашып кеткен деректер орын алып жатыр. сол себептен де мекемелерде бұрын өзі мектепте жүріп, мұрнын сындырып алған, бұрынғы аурулырдың көбісі шығып жатыр. ол деген бізге жұмыс. Күнделікті 1 сотталғанған 3 қызметкеріміз кетеді. Сол себепті основной жұмыстарынан қалып кетіп жатыр».

 Жиын соңында облыс прокуроры түрмедегі тәртіпке баса назар аудару керектігін тағы бір еске салды.