Қызылордалық тұрғындарға экотакси қызмет көрсетеді. Заман талабына сай жабдықталған электр қуатымен жүретін көліктердің бүгін алғашқы легі ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдарына 74 автокөлік табысталды. Осылайша, аймақта санитарлық көлік мәселесі түбегейлі шешілді. Тақырыпты тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы сабақтайды...

 Экотакси қызметі аймақта алғаш рет қолға алынып отыр. Жолаушы тасымалын жақсартуға бағытталған жобаны іске асыруға облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден аса қаржы бағытталған. Оған жыл ішінде 100 автокөлік сатып алу көзделген. Соның алғаш легі, яғни, 52-сі бүгін қолданысқа берілді. Жаңа автокөліктер әуежай, теміржол вокзалы, жаңа автовокзал аумағында жолаушыларға қызмет көрсететін болады.

 Бұл автокөлік толықтай заманауи үлгіде жабдықталған. Бір қуатталғанда 460 шақырымдай жүре алады. Ертеңнен бастап жаңа көлік қызылордалықтарға қызмет көрсете бастайды.

 ӘБДІБӘКІР МАШТАЕВ ¬- “ҚЫЗЫЛОРДА” АВТОБУС ПАРКІ” ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //сапалы қызмет көрсетуге ыңғайлы. Тасымалдау бағасы қолжетімді. Қазіргі таңда арнайы бағдарлама дайындалу үстінде. Сол бағдарламамен тапсырыс қабылдап, жүретін болады.

 Бұл күні медицина мамандары да жаңа көлік мінді. Өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарының автопаркі тағы 74 санитарлық көлікпен толықты.

. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // жыл басында халықтың сұранысына сәйкес 200 автокөлік алуға шешім қабылдаған едік. Осы кезге дейін соның 126-сы келіп, ел игілігіне қызмет көрсетуде. Бүгін міне, қалған 74-і келіп, ел игілігіне қызмет жасайтын болады.

 Осылайша, ауыл-аймақтағы тұрғындарға медициналық қызмет қолжетімді бола түсті. Жаңа көлік қажетті қондырғылармен жасақталған.

ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Елді мекендегі науқастарды тасымалдау, аудан орталығына алып келу, қалаға жіберуде ешқандай мәселе болмайды. Халықтың бірінші ауылға барған кезде қойған бірінші талабы. Бұл мәселе міне, түбегейлі шешіліп отыр.

Тілші: Жалпы, соңғы екі жылдың көлемінде сан саланың материалдық-техникалық базасы нығайды. Қоғамдық көлік мәселесі шешіліп, коммуналдық салаға да жаңа техникалар берілді. Бүгінде оның барлығы ел игілігі үшін жұмыс жасап жатыр.