Құрқылтайдың ұясындай пәтерін сәбидің күлкісі мен баланың былдырына толтырып отырған жас отбасы бар. Қызылордалық Гүлжанат Төлеева 34 жасында 11 құрсақ көтеріп, бақыттың бағбаны атанып отыр. Базарлы жанұяда тілшіміз болып келді.
34 жастағы Гүлжанат Төлеева 10 баланың анасы. Отбасын айрандай ұйытып отырған – батыр ана. Бүгінде балаларының алды 14 жаста болса, санаулы күндерден кейін 11-ші сәбиін құшағына қыспақ. Көпбалалы ана үй тірлігі, бала күтімімен қатар өз кәсібін де дөңгелетіп отыр.
Гүлжанат Төлеева жастайынан балалар үйінде қызмет еткен. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жәутеңкөздерді тәрбиелей жүріп, базарлы отбасы болуды армандаған екен.
Алматыда детдомда жұмыс істедім. Сонда ойлайтынмын, менде бала болама екен, болмайма екен, Өйткені менде бала күнімде бала көтере алмайсың деп айтқан. Өмір бақи бала көтере алмайсың күйеуге тимей ақ қой деп берді. Врачтар солай мағлұмат берді. Детдомда жұмыс істеп жүрген 100 бала асырап алып , Құдаййй жайлып отырсам екен бала шағаммен деп тіледім. Қазір шүкір соған жеттім, 10 балам 100 балаға татитындай. Алла бұйыртса, 11-шім дүниеге келеді, 9 қыз, 2 ұлымыз болады. Ауыратын қызыммен мен көбіне алты ай сайын емге барам. Сол кезде әкесі қарап қалады. Тамағын беред, жуындырад, қарайд, Күйеуіме алғысым шексіз, Аллаға жүкір, жұмысында істейд, балағада көмектеседі
Азанда барлығын сабаққа шығарып салып жатад, кешкісін күтіп алад. Менде төрт бала бар бірақ барлығына жүгіруге уақытым жоқ. Ал бұл кісі әрқайсысына жүгіріп отыр.
Алтынқұрсақты ана аядай шаңырағын тек баланың былдырына ғана емес, жайқала өскен гүлге толы иранбаққа айналдырыпты. Әрі қолы қалт етсе, ұсақ ақшаны жинайтын әртүрлі бейнедегі құлыптастар жасаумен айналысады. Ал, отағасы вахталық жұмыста. Қызығы сол, бала көбейген сайын ризық-несібеміз де артып келеді дейді кейіпкеріміз.
Шиелі де қой көтеру сайысы болып жатыр екен, Қой көтеру сайысы. Үлкен кісі әйел кісілер қой көтермей ма деп жатыр екен. Бір кісі баяғы батыр аналарымыз жоқ, қазігі әйелдер әлсіз деп жатыр екен. Әйел адамды намыс жібермейді ғой, қой көтеріп, ішімдегі 10-шы ма екіқабат екенімді ұмытып кетіппін. Сөйтіп велосипед ұтып қайттым.Түнде кейде жан-жаққа барып жұмысқа шығыам ғой енді. Уайымдамаңдар камерам бар, өзім қарап отырамын деймін. Әрбір бөлмеде камера. Жан-жағымнан көмектесетін өзімнің бауырларым бар. Балаларыма бірінші очредь ешкімге қол жаймауды үйретем.
Мен өзім іні-сіңілдерім көп болғанына қуаныштымын. Өйткені олар мені үнемі қорғаныштап, өскен соң менімен бірге жүреді. Анам мен әкем үнемі бізге көмектесіп, бір нәрсе сұрасақ үнемі береді. Мен үлкен қыз болғандықтан мама-папама көмектескенді жөн деп ойлаймын.
Ана болу – үлкен бақыт. Ал көп балалы ана атану – нағыз ерлікке пара-пар. Гүлжанат ханым, кейде балаларыңыздың атын шатасытырып шақыру, бір шақырғанда бәрінің атын айтып шығу бола ма? Маған қызық болып тұр, сіз барлық балаңыздың туған күнін, қай сыныпта оқиытынын білесіз бе? Мәселен мына баланың туған күнін, сыныбын айтыңызшы.
Ештеңе етпейді. Өмірде жаңылмайтын адам жоқ, дегенмен жаңылсақта балаланың санынан жаңылысқанға не жетсін.