Қазақстандық жастардың шетелдік емес, отандық контентке қызығушылығы артқан. Бұл туралы «QazaqSham» форумында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Жиынға депутаттар, мәдениет, өнер және медиа саласының өкілдері қатысты.

«Креативті сектор – ұлттың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптеудің заманауи тәсілі» - деген жоғары палата спикері, қазіргі сын-қатерлер кезінде ұлттық ерекшелікті сақтап, дамыту маңызды екенін айтты. Қатысушылар қазақ тілді контент жасаумен айналысатын жас таланттарды қолдау жайын талқылады. Олардың өнімдері мен қызметтерін экспорттауға жәрдем беру туралы да сөз болды.

 МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Осындай сіздердің жұмыстарыңызды қолдау үшін біз енді өз тарапымыздан да депутаттар нақты шаралар жүзеге асырып жатырмыз. Соның негізгісі – біз тиісті заңнамалық нормаларды жақында қабылдадық. Сол нормаларға сәйкес, жаңа креативті индустрияны қолдауға арналған мемлекеттік қор құрылып жатыр.